Қазақстандағы мұнай саласының рентабельділігі жаңа Салық кодексі енгізілгеннен кейін 20 - 25% деңгейінде қалады - Ерғожин - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы мұнай саласының рентабельділігі жаңа Салық кодексі енгізілгеннен кейін 20 - 25% деңгейінде қалады - Ерғожин

Қазақстандағы мұнай саласының рентабельділігі жаңа Салық кодексі енгізілгеннен кейін 20 - 25% деңгейінде қалады - Ерғожин

Астана. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандағы мұнай саласының рентабельділігі жаңа Салық кодексі енгізілгеннен кейін 20 - 25% деңгейінде қалады. Бұл туралы ҚР қаржы вице-министрі Дәулет Ерғожин журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 25 Шiлде 2008
  • 830
Фото - Caravan.kz

«Мұнай саласының рентабельділігі жаңа Салық кодексі енгізілгеннен кейін 20 — 25% деңгейінде қалады, бұл — қалыпты деңгей», — деді Д. Ерғожин.

«Елімізде кейбір мұнайшылар бар, олар айтады : «біздің рентабельділігіміз 50% болуға тиіс» дейді, бірақ ол ойынхана емес қой», — деді вице-министр.

«Әлемдегі орташа рентабельділік көрсеткіштерімен, сол «Шеврон» немесе «Эксон Мобил» көрсеткіштерімен салыстыру керек», — деді вице-министр.

Ол сонымен бірге Қазақстандағы ел ішіндегі инфляция мұнай саласының рентабельділігіне әсерін тигізе алмайды деген өз пікірін айтты. «Мұнай компаниялары сатқан өнімі үшін төлемді валютамен табады, олардың шетелдік нарықтардан алатын барлық ақшасы валютада, барлық қаржылық-экономикалық модельдерді есептеуде Қазақстандағы инфляция есепке алынбайды, осы ақшаны алған елдегі валютамен инфляция есептеледі», — деді Д. Ерғожин.

«Мұнайшылардың химиялық реагенттер мен металлға көп шығын жұмсалады, инфляция үлкен деген пікірі кезінде осы барлық инфляция көлемі мен бағамдық котировка көлемдері хеджленеді дегенді естен шығармау керек», — деді ол. «Сол себепті рентабельділік 20% кезінде біз құрдымға кетеміз деп байбалам салу — дұрыс емес, оның экономикалық негізі жоқ», -деді вице-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті