Қазақстандағы сайлау заңды және еркін өтті - ШЫҰ миссиясы - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы сайлау заңды және еркін өтті - ШЫҰ миссиясы

Қазақстандағы сайлау заңды және еркін өтті - ШЫҰ миссиясы

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 19 - тамыз. АЛМАТЫ. Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің бақылаушылар миссиясының пайымдауынша, Қазақстандағы кезектен тыс мәжіліс сайлауы мен кезекті мәслихат сайлауы еркін және елдің қабылдаған халықаралық міндеттеріне сай өтті, деп хабарлады ШЫҰ миссиясының басшысы - ұйымның саяси мәселелер жөніндегі бас хатшының орынбасары Гао Юйшен.

  • 19 Тамыз 2007
  • 582
Фото - Caravan.kz

«ШЫҰ бақылаушылар миссиясының пайымдауынша, Қазақстандағы сайлау заңды, еркін, Қазақстан Ресепубликасының ұлттық заңнамасында қабылдаған халықаралық міндеттеріне сай өтті»,- деп атап көрсетті Гао Юйшэн Алматыда жексенбіде өткен брифингте.

Сонымен қатар миссия, «сайлау барысында анықталған техникалық кемшіліктер жалпы нәтижеге айтарлықтай әсер ете алмайды»,- деп атап өтті.

Гао Юйшэннің айтуынша, миссия сайлау алды үгіт-насихат науқаны кезінде «сайлауға қатысатын барлық партиялардың штабтарына барып қайтқан». Олардың кейбірінде, ШЫҰ өкілінің айтуынша, кемшіліктер де кездесіп жатты, атап айтқанда бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткізу мүмкіндігі бойынша. «Біздің пайымдауымызша, бұл даулы мәселеле. Егер мұндай деректер болып жатса, олар жергілікті сипатқа ие»,- деп қорытындылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті