Қазақстандағы су қоймаларында өткен тәуліктерде он бір адам суға батып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы су қоймаларында өткен тәуліктерде он бір адам суға батып кетті

Қазақстандағы су қоймаларында өткен тәуліктерде он бір адам суға батып кетті

Астана. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандағы су қоймаларында өткен тәуліктерде он бір адам суға батып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Шiлде 2008
  • 556
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, Астанада 13 шілдеде Есіл өзеніне 30 жастағы жігіт суға батып кетті. Оның мәйітін судан құтқару қызметтері судан шығарып алды.

Атырауда Орал өзенінде 13 шілдеде 04 сағат 32 минутта 19 жастағы бозбала суға батып кетті. Оның мәйітін судан құтқару қызметі 10 сағат 15 минутта шығарып алды.

Сондай-ақ, 13 шілдеде Ақтөбе облысында Елек өзеніне 3 адам батып кетті. Олардың мәйіттерін судан құтқару қызметтері судан шығарып алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті