Қазақстандағы жеңіл автокөліктер саны қанша болды? - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы жеңіл автокөліктер саны қанша болды?

Қазақстандағы жеңіл автокөліктер саны қанша болды?

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтеріне қарағанда, 2014 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстандағы қолданыста бар жеңіл автокөліктің саны 3 млн. 819,3 мың бірлікті құрады.

  • 12 Желтоқсан 2014
  • 1103
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар, 2014 жылғы қаңтар-қазанда елімізде 636 959 жеңіл автомобиль тіркелген, бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен алыстырғанда 16,1 пайызға жоғары.

Келтірілген мәліметтерге қарағанда, 2014 жылдың қаңтар-қазан аралығында республика бойынша тіркелген жеңіл автокөліктердің ең көп үлесі Алматы облысына тиесілі, бұл  — 85 мың 913 бірлікті құраған. Одан кейінгі орындарда Оңтүстік Қазақстан облысы — 80 мың 758 бірлік және Алматы қаласы — 78 мың 803 бірлікті құрап отыр. 

Тоқтала кететін жайт, 2014 жылдың қаңтар-қазан аралығында тіркелген автокөліктердің тең жартысынан астамы, нақтылап айтқанда 340 мың 886-сының шығу жылы 10 жылдан асқан болып табылады.