Қазақстандық 7 федерация Қазақстан ҰОК тану туралы сертификатына ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық 7 федерация Қазақстан ҰОК тану туралы сертификатына ие болды

Қазақстандық 7 федерация Қазақстан ҰОК тану туралы сертификатына ие болды

Бүгін Олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерінен қазақстандық федерациялар ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің тану туралы сертификаттарын алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

  • 25 Қыркүйек 2020
  • 23
Фото - Caravan.kz

Қазақстан ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков Нұр-Сұлтанда Қазақстанның бокс федерациясы, Қазақстан дзюдо федерациясы, Қазақстан Республикасы су спорты түрлері федерациясы, Қазақстан таеквондо (WT) федерациясы, Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы, Қазақстан ауыр атлетика федерациясы және Қазақстан Республикасының спорттық би федерациялары қауымдастығын тану туралы арнайы сертикатты табыстады.
 

«Спорт федерацияларын тану туралы сертификат — бұл Қазақстанда спортты дамыту үшін спорттық іс-шаралардың заңдылығын растайтын басты құжат. Сондықтан Олимпиадалық комитеттің атынан біз спорт федерацияларын құттықтаймыз. Бұл ұлттық федерациялар үшін үлкен әрі салтанатты шара екенін түсінеміз, десе де қауіпсіздік мақсатында бүгінгі маңызды әрі салтанатты шараны жабық форматта өткізуге тура келді. Сондай-ақ, ҚР ҰОК Заң комитеті жүргізген ауқымды жұмыстарды ерекше атап өтіп, комитеттің жоғары кәсібилігі мен белсенді жұмысы үшін алғыс айтамын», — деп атап өтті Андрей Крюков.
 
Бас хатшы Ұлттық олимпиадалық комитет пен қазақстандық спорт федерацияларының ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында бірлескен жұмысы жалғасып жатқанын баса айтты.
ҰОК тану туралы куәлігін алған және оны ұзартқан алғашқы ұлттық федерациялардың бірі — Қазақстан бокс федерациясы.
 
«ҰОК-тің тануы — бұл әр спорт федерациясы үшін дәстүрлі, сонымен бірге маңызды, салтанатты оқиға», — деп атап өтті Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Бекжан Бектенов. — Қазақстандағы ең танымал және табысты спорт түрлерінің бірі ретінде біздің үлкен олимпиадалық отбасының мүшесі екендігімізді және спортты дұрыс бағытта дамытып жатқанымызды растайтын осы заңдылық сертификатын алғанымызға өте қуаныштымыз. Пандемияға байланысты ұзақ үзілістен кейін командалар біртіндеп толыққанды оқу-жаттығу жиындарына кірісуде. Жақын арада басқа ел спортшыларымен бірлесе жаттығып, халықаралық турнирлерге қатысамыз деген үміттенеміз — осының бәрі Олимпиада ойындарына дайындықтың маңызды кезеңдері».
 
Қазіргі уақытта олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалар Ұлттық Олимпиада комитетінде аккредиттелген спорт базаларында оқу-жаттығу жиындарын қайта бастады. Еліміздің бас санитарлық дәрігері белгілеген спорттық нысандарға қойылатын талаптардан басқа, ҰОК жедел штабы спорттық ғимараттар үшін спортшылар мен жаттықтырушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қосымша ережелер әзірледі.


Ақпарат үшін: Федерацияның Ұлттық Олимпиадалық комитетімен танылуы “Дене шынықтыру және спорт туралы” Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінде салалық аккредитациялаудан өту процедурасының бір шарты. Федерацияға спорт түрін Қазақстан Республикасы аумағында дамыту құзыреттілігі беріледі. Осыған дейін ҚР ҰОК тарапынан тану сертификаты олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 83 ұлттық спорттық федерацияға табыс етілген. Тану сертификатына ие болған спорттық федерациялардың толық тізімімен Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтында танысуға болады.
 
Соңғы жаңалықтар