Жарияланды: 630

Қазақстандық әскери қызметшілер Қаратау тауларында «диверсантты» қолға түсірді (ФОТО)

Қазақстандық әскери қызметшілер Қаратау тауларында «диверсантты» қолға түсірді (ФОТО)

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5-ші механикаландырылған бригадасының бөлімшелері

Алматы облысының «Көктал» полигонында қыркүйекте өтетін Құрлық әскерлерінің «Айбалта-2015» ірі ауқымды оқу-жаттығуына белсенді дайындықты бастады.

Толық жауынгерлік жарақтандырылған 200-ден астам жауынгер Қаратау таулары арқылы бес шақырымдық тау өткелінен өтті, тауларда «диверсантты» анықтау және ұстау элементтерін пысықтады,деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.  

«Айбалта» оқу-жаттығуының басталуына барлық бөлімшелеріміз, барша әскери қызметшілер, қару-жарақ пен әскери техниканың әрбір бірлігі жүз пайыз дайын болуы тиіс», - деді  85395 әскери бөлімі 5-ші механикаландырылған бригадасының штаб бастығы, подполковник Ержан Мейірманов.

Бұдан бұрын оқу-жаттығуға дайындалу шеңберінде бригада механикаландырылған шеру өткізді. Т-72 танктерінің, ЖӘЖМ-2  жауынгерлік машиналарының легі, автомобильді және дөңгелекті техника күрделі 50 шақырымды жолды еңсерді.

«Айбалта-2015» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің жауынгерлік әзірлігін ауқымды тексеру болғанын атап өткен жөн.  5-ші механикаландырылған бригададан басқа алдағы оқу-жаттығуға Құрлық әскерлері әскери бөлімдерінің 20-дан астам бөлімшесі, оның ішінде Аэроұтқыр әскерлерінің бөлімшелері қатысады. 






Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін