Қазақстандық биолог мамық шашпайтын терек түрiн шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық биолог мамық шашпайтын терек түрiн шығарды

Қазақстандық биолог мамық шашпайтын терек түрiн шығарды

«Online Expo-2017» байқауына қатысып отырған қостанайлық биолог Валентина Ободовская аллергия тудырмайтын, мамығы жоқ теректі сұрыптап шығарды. 

  • 23 Маусым 2015
  • 1423
Фото - Caravan.kz

Инновациялық терек бүгінгі таңда Астана қаласының аумағында отырғызыла да бастады.

«Терек — қала үшiн ең жақсы ағаш. Ол ағаштың басқа түрлерiне қарағанда ауаны шаңнан және улы газдардан барынша жақсы тазартып, жылдам өседi. Ғалымдар құрамында металл бар шаңды терек өзiне жақсы сiңiретiнiн атап өттi. Терек көшеттерi, мысалы, шыршаға қарағанда оттегiнi бiрнеше есе көбiрек бөледi. Алайда теректiң бiр кемшiлiгi — мамық шашады. Осыған байланысты әдетте теректi кемiп тастауда. Қалалық билiк басқа ағаш түрлерiн отырғызуды жөн көредi», — дейдi биолог Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында.

Мамық шығармайтын терек Валентина Ободовскаяның тәлiмбағында шығарылуда. Жапонияда осыдан 15 жыл бұрын шығарылған мамықсыз теректерге қарағанда, қазақстандық сұрыптың қасиеттерi басымырақ, қарапайым теректiң барлық пайдалы қасиеттерiн сақтаған.


«Шетелдiк мұндай теректер тек 15 жыл өмiр сүредi. Кейiн дiнi құрап, желден құдап жатады. Оның ауа тазалаушы қасиеттерi де төмендеу. Бiздiң шығарған мамықсыз терек ауаны улы заттардан жақсы тазартады, сонымен қатар ұзақ жасайды», — дедi ол. 
Қазiргi таңда «Валентин» деген атаумен белгiлi көшеттер Қазақстанның бiрнеше қалаларында, оның iшiнде Астанада отырғызылып жатыр. Бүгiнде 5 мыңнан астам терек көшеттерi егiлдi.