Жарияланды: 20

Қазақстандық Бішкек маңында 1-сынып оқушысын қағып өлтірді

Қазақстандық Бішкек маңында 1-сынып оқушысын қағып өлтірді Сурет - © vb.kg

Бішкек маңында қазақстандық нөмірмен жүрген жүк көлігінің жүргізушісі мектептен қайтып бара жатқан 1-сынып оқушысын қағып өлтірді.

Бұл туралы Tengrinews.kz "Вечерний Бишкек" басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Қайғылы оқиға 5 желтоқсанда күндізгі уақытта Ленин ауылы Бішкек - Қордай тасжолында болған.

"Қыз жолдың шетінде аялдама жақта тұрған. Оны өтіп бара жатқан жүк көлігі қағып кетті. Бала оқиға орнында қаза болды", - деп хабарлады милициядағылар.

Жүк көлігінің тізгінінде Қазақстан азаматы болған. "Ер адам жол апаты болған жерден қашқан жоқ. Ұсталды. Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның себебін анықтап жатыр", - дейді басылымдағылар. 

Kaktus.media куәгерлерге сілтеме жасап отырып, жүк көлігінің қыз баланы 20-30 метр жерге ұшырып жібергенін айтады. Басылымның мәліметінше, ер адам оқиға орнынан жасырынбақ болған, алайда оны кәмелетке толмағандар ісімен айналысатын инспекция қызметкері ұстаған.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть