Жарияланды: 910

Қазақстандық ғарышкерлер РФ-ның медальдарымен марапатталды

Бірінші қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіров және Қазақстан ғарыш агенттігінің жетекшісі Талғат Мұсабаев РФ-ның "Ғарышты игерудегі еңбегі үшін" медалімен марапатталды.

Ғарышкерлерді марапаттау рәсімі Астанада РФ-ның елшілігінде өтті, делінген Қазақстан Ұлттық ғарыш агенттігінің сайтында берілген хабарламада. Медальмен марапаттау туралы шешім РФ президенті Дмитрий Медведевтің биылғы жылғы 12-сәуірдегі жарлығымен қабылданған болатын. Осы кезге дейін ғарышқа екі ғарышкер қазақ ұшқан, Т.Әубәкіров ( 1991 жылы қазанда "Союз ТМ-13" кемесінің ғарышкер-зерттеушісі ретінде ) және Т.Мұсабаев (үш рет -1994 жылы "МИР" станциясына борт-инженер ретінде, 1998, 2001 жылдары -"МИР кемесінің командирі ретінде және ХКС-на).

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін