Қазақстандық Кеңес Одағының Батырларына арналған 70 фильм түсіру жұмыстары жүріп жатыр
Атап айтқанда, былтыр партия 531 Кеңес Одағының Батыры мен 124 Даңқ орденінің толық иегері бойынша мәліметтерді қалпына келтірді. Белгілі болғандай, Ұлы Жеңіске 100 күн қалғанда, яғни бүгіннен бастап «Астана» телеарнасында «Қазақстандық қаһармандар» атты 100 бейнероликті көрсету басталды. «Қазақстандық Кеңес Одағының Батырларына арналған 70 фильм тусіруге қатысты жұмыстар жүріп жатыр. Фильмдер Жеңіс күніне орай көрсетіледі. Сонымен қатар таяуда майдангерлер тақырыбына арналған Kaharman.kz сайты іске қосылады. Сайтта мұрағаттық құжаттардың көшірмесі, қазақстандық батырлар туралы ақпараттар, соғыс жылдарындағы фотосуреттер мен бейнероликтер, ардагерлер туралы толық мәліметтер қамтылады»,-делінген селекторлық кеңес барысында таратылған мәліметте.
«Түптеп келгенде, атқарылар жұмыстың мәні - тағзымды тәлімге ұластырып, Елбасы саясаты мен Тәуелсіздіктің арқасында соғыс көрмеген бақытты ұрпақты елдегі бейбіт өмірді, келісім мен бірлікті көздің қарашығындай сақтауға, елінің амандығы мен мемлекетінің тәуелсіздігі үшін сапқ