Қазақстандық компаниялардың акцияларын шетелдерде сатып алу жөніндегі президент тапсырмасын "Қазына" ТДҚ" АҚ мен "Самғау" АҚ атқаратын болады -Экономика министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық компаниялардың акцияларын шетелдерде сатып алу жөніндегі президент тапсырмасын "Қазына" ТДҚ" АҚ мен  "Самғау" АҚ атқаратын болады -Экономика министрлігі

Қазақстандық компаниялардың акцияларын шетелдерде сатып алу жөніндегі президент тапсырмасын "Қазына" ТДҚ" АҚ мен "Самғау" АҚ атқаратын болады -Экономика министрлігі

Астана. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шетелдерде сатуға шығарылған Қазақстандық компаниялардың акцияларын сатып алу жөніндегі президент тапсырмасын "Қазына" ТДҚ" АҚ мен "Самғау" мемлекеттік холдингі" АҚ атқаратын болады. Бұл туралы бүгін экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов бүгін журналистерге берген сұхбатында хабарлады.

  • 16 Қазан 2007
  • 401
Фото - Caravan.kz

«Қазақстандық компаниялардың шетелдерге шығарылған акцияларын сатып алудың екі құралы бар — «Қазына» және «Самғау» , — деді Б Сұлтанов.

Оның айтуынша, Қазақстандық компаниялардың акцияларын сатып алатын қаржы ағымдағы жыл бюджетін өзгерту аясында аталған акционерлік қоғамдардың шығындарын арттыруға бағытталған қаржыға қамтылған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін өткен үкіметтің отырысында еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың хабарлағанындай, бюджеттің шығыс бөлігінде таратылатын жалпы қаржы көлемі 155, 7 млрд теңгені құрайды, оның 122 млрд теңгесі «Қазына» Тұрақты даму қоры» АҚ шығындарын арттыруға, 12,2 млрд теңгесі «Ұлттық ғылыми-технологиялық «Самғау» холдингі» АҚ-ның шығындарын арттыруға жұмсалады.

Өз кезегінде «Қазына» Тұрақты даму қоры» АҚ басшысы Қайрат Келімбетов қосымша 122 млрд теңгенің қандай бөлігі Қазақстандық компаниялардың акцияларын сатып алуға бағытталатыны жайлы жауап бере алмады. «Акцияларды сатып алуға бағытталатын қаржының көлемі жайлы мәселені үкімет қосымша қарайтын болады»,- деді Қ.Келімбетов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Қазақстан -2030» стратегиясының қабылдануына 10 жыл толуына арналған халықаралық конференцияның жалпы отырысының аяқталуына орай баспасөз сұрақтарына жауап беруге шыққан президент Нұрсұлтан Назарбаев : «Мен үкімет пен «Қазына» қорына қазақстандық компаниялардың акцияларын сатып алу мәселесін қарастыруды тапсырдым», — деді.

Мемлекет басшысы батыстың рейтингтік агенттіктерінің Қазақстанның елдік рейтингін төмендетуін «обьективті емес әрі алыпсатарлық сипатта» деп бағалады. «Бұл кейбір арнаулы компаниялардың бағаны түсіре келе, акцияларды сатып алуға жасап отырған ойыны», — деген сенімде президент.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті