Қазақстандық компаниялардың акцияларын шетелдерден сатып алу жөніндегі шешім келесі жылы қабылданады - Ерғожин - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық компаниялардың акцияларын шетелдерден сатып алу жөніндегі шешім келесі жылы қабылданады - Ерғожин

Қазақстандық компаниялардың акцияларын шетелдерден сатып алу жөніндегі шешім келесі жылы қабылданады - Ерғожин

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық компаниялардың акцияларын шетелдерден сатып алу жөніндегі шешім келесі жылы қабылданады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Даулет Ерғожин журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.

  • 24 Желтоқсан 2007
  • 427
Фото - Caravan.kz

«Қазақстандық компаниялардың акцияларын шетелдерден сатып алу жөніндегі президенттің тапсырмасы бойынша бұл мәселе қарастырылып жатыр. Бұған қатысты нақты шешім келесі жылы қабылданады деп ойлаймын», -деді Д. Ерғожин.

«Қазіргі жағдаймен акция құнының қосымша күрт арзандау оқиғасы байқалған жоқ», — деді ол.

Қаржы вице-министрінің пайымдауынша, сондай-ақ, Қазақстанның рейтингінің төмендетілуі «негізді емес». «Әдетте, рейтинг төлемді қайтармауға немесе бюджет түсімдері төмендеуге байланысты немесе қандайбір дағдарыс болған жағдайларда төмендетіледі. Өз басым Қаржы министрлігінде бюджеттің кіріс бөлігі үшін жауапты адам ретінде айтатын болсам, еліміздің бюджетінің кіріс бөлігінің жоспары асыра орындалуда, кіріс тұрақты өсіп келеді, ал келесі жылы да біз биылғыдай өсім болады деп жоспарлап отырмыз», — деді Д. Ерғожин.

«Ал егер біз төлемдік қабілетсіздік мәселесі немесе бұрын берілген несиелік төлемдер тұрғысынан қарайтын болсақ, бұл көрсеткіш ТМД елдері аясында ең мардымсыз көрсеткіш болып табылады», — деді ол.

«Яғни, Қазақстанда қандайбір дағдарыс бар деп айту дұрыс емес, сол себепті біз қандайбір түсінбеушіліктің бар екенін ескеріп, келесі жылдың бірінші тоқсанында рейтингтік агенттіктермен, келешек және қазіргі инвесторлармен бірқатар кездесулер өткізу арқылы оларға Қазақстан экономикасындағы ахуал туралы жалпылама түсінік бермекшіміз», — деді министрлік өкілі.

«Біздің осындай түсіндірулерімізден кейін олар рейтингті қайтадан қарап, біз қалыпты жағдайға қайтадан келеміз деп ойлаймын», — деді Д. Ерғожин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті