Жарияланды: 370

Қазақстандық монополистер 2012 жыл бойынша тұтынушылардың құқықтарын бұзғандығы үшін 8 млрд теңгеден аса айыппұл төлемек

Биылғы жылы тұтынушылардың құқықтары саласында заңның бұзылуына жол берген табиғи монополиялардың субъектілері 8 млрд теңгеден аса айыппұл төлейді,

деп хабарлады табиғи монополияларды реттеу жөніндегі мемлекеттік агентікттің жетекшісі Балжан Досмұхамбетова. "Биыл мамыр айында елбасы агенттікке табиғи монополиялардың субъектілерінің қызметіне бақылауды күшейтуді тапсырған болатын. Заңның сақталуын бақылау шеңберінде агенттік 602 ұсыныс жасады, әкімшілік өндіріп алу туралы 215 қаулы қабылданды, 8 млрд теңгеден аса айыппұл санкциясы салынды", деді ол Астанада бейсенбіде Қазақстан энергетиктерінің VIII республикалық жиналысында сөйлеген кезінде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін