Қазақстандық музыканттың туындысы "Жылдың ең үздік электронды әні" атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.34
  • 564.45
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық музыканттың туындысы "Жылдың ең үздік электронды әні" атанды

Қазақстандық музыканттың туындысы "Жылдың ең үздік электронды әні" атанды

Қазақстандық музыкант Мадияр Оңалдиннің (Monaldin) "Femme Like U" әніне жасаған ремиксі "Жылдың үздік электронды әні" атанды.

  • 18 Желтоқсан 2020
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарт агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Monaldin мен әнші Эмма Питерспен бірге жасалған ремикс әлемдік музыкалық рейтингтерде озып шығып, биылғы жаздың хитіне айналды.

Өз кезегінде, өнерпаз қолдау білдірген барша тыңдармандарына алғысын жеткізді.

"Femme Like U" бойынша "Жылдың электронды әні" атанды! Қолдауларыңызға рахмет!", — деп жазды музыкант Instagram парақшасында.


Айта кетейік, бұл ремикс Shazam қосымшаларында, жиырма елде бірінші орынға шықса, музыкалық платформаларда миллиондаған адам тыңдаған.