"Қазіргі уақытта Р.Есергепов қалалық кардиологиялық орталықта жатыр. Жағдайы жақсарды. Дәрігерлердің талабына орай ол аштық жариялауды тоқтатты”, деді оппозициялық "Adam bol" журналының редакциясынан.
Алдында хабарланғандай,Р.Есергепов сот шешімі бойынша жабылған "Adam bol" журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиеваның аштық жариялау шарасына қосылған болатын.
Аштық жарияланған алтыншы күні, яғни сенбіде Р.Есергепов ауруханаға жеткізілді. Оның қан қысымы көтеріліп, жүрегі күрт нашарлаған.
Г.Ерғалиева болса әлі де аштық жариялап отыр, "Интерфакс-Қазақстанға" оның ұлы Аян Шәріпбаевтың айтуынша, оның тамақ ішпегеніне 15-ші күн болыпты, тек су ішіп жатыр, әлсіреген. Бірақ рухы бәрібір мықты, деді ол.
Өткен жылы 24-желтоқсанда Медеу аудандық соты "Adam bol" журналын жабу туралы қалалық әкімшілік ішкі саясат басқармасының қуынымын қанағаттандырылған болатын