Қазақстандық Ресейде екі адамды айуандықпен өлтірген - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық Ресейде екі адамды айуандықпен өлтірген

Қазақстандық Ресейде екі адамды айуандықпен өлтірген

Қазақстандық Самарада  зейнет жасындағы екі әйелді өлтіргенін мойындады, деп хабарлайды Самара облысы бойынша Ресейдің тергеу комитеті. 

"Қазақстан Республикасының 37 жастағы тұрғынына РФ қылмыстық кодексінің 105-бабы 2-тармағында қарастырылған қылмысты жасады деген айып тағылып отыр", — деп хабарлады тергеу комитетіндегілер. 

  • 3 Сәуiр 2017
  • 353
Фото - Caravan.kz

Тергеу кезінде анықталғандай, ер адам 64 және 67 жастағы зейнеткерлерді алдап, үйге кірген. Бірінші әйелді 25 наурызда, екіншісін екі күннен кейін өлтірген.  "Мой город" өңірлік басылымы хабарлағандай, күдікті әйелдерді айуандықпен өлтірген. Бірінші зейнеткерді тұншықтырып өлтірсе, екіншісін пышақтап тастаған. Ер адамды ұстаған кезде одан әйелдердің алтын әшекейлері табылды.  "Сот шешімі бойынша айыпталушы қамауға алынды. Ер адам жасаған қылмыстар аса ауыр қылмыс санатына жатады, бұл үшін тіпті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін", — деп атап өтті Ресей тергеу комитеті. 

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, қылмыстық тергеу жүргізілуде.


 

Соңғы жаңалықтар