Жарияланды: 410

Қазақстандық шекарашылар 7 тоннадан астам ұнды контрабандалық жолмен шығаруға жасалған әрекеттің жолын кесті

Алматы. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық шекарашылар 8 тамызда 7 тонна 650 килограмм ұнды контрабандалық жолмен шығаруға жасалған әрекеттің жолын кесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарыағаш ауданындағы "Ынтымақ" заставасының шекарашылары ұнды шекарадан заңсыз жолмен алып шуғаға жасалған әрекетке тосқауыл қойды. "Ұнды Қазақстанның бір, Өзбекстанның үш азаматы алып шықпақ болған. Бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Сонымен бірге, 9 тамызда "Мерке ж.д." шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылар жасағы Бішкек - Мәскеу пойызында Қырғызстан азаматын ұстады. "Оның жеке заттарын тексеру кезінде қос түбі бар сөмкеден шекарашылар салмағы 740 грамм болатын өзгеше иісі бар героин болуы мүмкін затты тапты. Ұсталған мен есірткі Мерке аудандық ҰҚКД-іне табыс етілді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть