Қазақстандық шекарашылар бір апта ішінде 235 заң бұзушыны ұстаған - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шекарашылар бір апта ішінде 235 заң бұзушыны ұстаған

Қазақстандық шекарашылар бір апта ішінде 235 заң бұзушыны ұстаған

Астана. 16-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық шекарашылар бір апта ішінде 235 заң бұзушыны ұстап, 29 контрабанда дерегінің жолын кескен. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Қазан 2007
  • 377
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, шекарашылар наряды 13-қазанда «Ынтымақ» шекара күзеті аумағынан Қазақстан азаматын құрықтаған, ол Қазақстан Республикасынан Өзбекстанға өткізу пунктінен тыс жерден УАЗ көлігімен 400 кг ұн алып бара жатқан.

Ал, кеше «Көгершін» күзетінің шекарашылары Қазақстаннан Қырғызстанға контрабандалық жолмен 500 кг ұн шығармақ болған көршілес республиканың екі азаматын ұстаған, деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті