Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақтау әуежайында, «Ақтау-авиа» өткізу бекетінде шекарашылар Ақтау-Баку бағытындағы рейспен ұшуға келген Қазақстан азаматын ұстады. «Тексеру кезінде оның заттарының арасынан декларацияда көрсетілмеген 26 970 АҚШ доллары мен 8270 Ресей рублі шықты»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Шекарашылар істі «Ақтау-авиа» кеден бекетінің қызметкерлеріне берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті