Баспасөз ықзметінің ақпаратына сәйкес, қазақ-өзбек шекарасындағы «Жібек жолы-авто» шекаралық бақылау бөлімшесінде шекарашылар жасағы Өзбекстаннан Қазақстанға бет алған екі Өзбекстан азаматын ұстады. «Олардың бірінен тексеру барысында 5 грамм героин салынған дорба табылса, екіншісі өз денесіне 17 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшаны жапсырып алған екен»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ұсталғандар құжаттарын рәсімдеуден кейін Сарыағаш қалалық қаржы полициясына табысталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті