Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Қызылжар авто» шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылар жасағы кеден қызметкерлерімен бірлесіп, Ресейдің бір, Қазақстанның бір азаматын құрықтаған.
«Олар автокөлікпен декларацияда көрсетілмеген 20 мың АҚШ доллары мен 120 мың ресей рублін алып Ресейге бет алған. Қазір осы дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті