Қазақстандық шенеуніктердің блогер әйелдері сыйлық алғаны үшін жазаланады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шенеуніктердің блогер әйелдері сыйлық алғаны үшін жазаланады

Қазақстандық шенеуніктердің блогер әйелдері сыйлық алғаны үшін жазаланады

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қазақстандық шенеуніктердің блогер әйелдері қандай жағдайларда сыйлықтар үшін жазаланатынын айтты.

  • 9 Қазан 2020
  • 53
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарт агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінгі таңда кейбір мемлекеттік қызметшілердің әйелдері әлеуметтік желілерде белсенді түрде блог жүргізеді.  Бұл дегеніміз, олар демеушілерден сыйлықтар немесе тауарларды жарнамалау үшін ақша алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жаңа Заң енгізілгеннен кейін оларға абай болу керектігін ескертті.

"Әйелдері сыйлықтар ала алады, егер бұл күйеуінің қызметіне байланысты болмаса, бірақ егер сыйлық берушінің пайдасын алу кезінде себеп-салдарлық байланыс орнатылса, онда бұл жазаға тартылады. Яғни, демеуші мен мемлекеттік қызметшінің қызметі байланысты еместігін ескеру қажет", — деп жауап берді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құны 2 АЕК-тен төмен сыйлық алғаны үшін шенеуніктің туыстарына 600 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салуға болатыннын баса айтты.  Егер сыйлық қымбатырақ болса, онда бұл қылмыстық жауапкершілік.


Еске сала кетейік, мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңына қол қойды. Оған сәйкес, енді шенеуніктерге сыйлық беруге тыйым салынады.

Соңғы жаңалықтар