Кездесудің қашан өтетіні әлі белгісіз. Еуропалық экономика және бизнес жоғары колледжінің негізін қалаушы Талғат Төремұратов кездесудің кейінге қалуы Илон Масктың жұмыс кестесінің тығыздығына байланысты болуы мүмкін екенін айтты.
"Бұл кездесу міндетті түрде өтеді. Бізде Zoom-ға сілтеме бар. Конференция өтетін күн белгілі болғаннан кейін алдын ала хабарлайтын боламыз. Біз студенттеріміз қойғысы келетін сұрақтарды жолдадық. Білім алушыларды Tesla зауыттарының ашылуы мәселесі қызықтырып тұр. Оған қоса, студенттер Илон Масктен жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін оның компанияда жұмыс жасау мүмкіндігі туралы сұрамақ", — деді Төремұратов.
Бұл кездесу тегін өткізіледі. Илон Масктың қазақстандық студенттермен онлайн-кездесуі 15-20 минут болатыны хабарланды. Алдымен күні 1 мамыр, содан кейін 28 мамыр деп жарияланды.
Бұған дейін американдық миллиардер және кәсіпкер Илон Маск Tesla жақын арада Ресейде, Қазақстанда және басқа ТМД елдерінде келуі мүмкін екенін айтты.