Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.41
  • 477.78
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионы атанды

Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионы атанды

Таиландтың Районг қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатының шешуші жарыс күні өтіп жатыр.

  • 13 Маусым 2023
  • 22
Фото - Caravan.kz

Санаулы сәттер бұрын ерлер арасындағы 156 шақырым болатын топтық жарыста Ұлттық құрама спортшылары қос жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Отандасымыз Глеб Брусенский мәре сызығын бірінші болып кесіп өтсе, тәжірибелі Евгений Гидич күміс медальге қол жеткізді. Ал үздік үштікті жапониялық велошабандоз Юкия Араширо түйіндеді.

Бір апта бойы Районгта сары құрлықтағы 27 елінен келген 700-ге жуық велошабандоз ересектер арасындағы 42-ші, жастар арасындағы 29-шы, 11-ші пара Азия чемпионатында сынға түсіп жатыр. Мұнда Париж Олимпиадасына қажет рейтинг ұпайлары сарапқа салынады.


Соңғы жаңалықтар