Қазақстандық жанкүйерлер Сочи Олимпиадасына 6 ақпан күні аттанады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық жанкүйерлер Сочи Олимпиадасына 6 ақпан күні аттанады

Қазақстандық жанкүйерлер Сочи Олимпиадасына 6 ақпан күні аттанады

Қазақстандық жанкүйерлердің делегаты Сочидегі Қысқы Олимпиада ойынына 2014 жылдың 6 ақпаны күні кетеді, деп хабарлады strategy2050.kz ИЖТМ Индустрия және туризм комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 29 Қаңтар 2014
  • 625
Фото - Caravan.kz


«Қазақстанның жанкүйерлер тобының құрамына 400 адам енді — спорт ардагерлері, еңбек сіңірген бапкерлер, жас спортшылар, журналистер, қазақстандық жанкүйерлер мен бапкерлер. Қазақстандық делегаттың бірінші тобы Алматыдан 6 ақпан күні кетеді, екіншісі 15 ақпанда аттанады. 2014 жылғы Қысқы олимпиада ойындары Сочиде 7 мен 23 ақпан аралығында өтеді», — делінген хабарламада.
Сочидегі Олимпиада ойындарында Алматыны XXIV қысқы олимпиада ойындарының және EXPO-2017 өтетін қала ретінде насихаттау жұмыстары жүргізіледі. Сочиде жанкүйерлерге ИЖТМ Индустрия комитеті дайындаған материалдар таратылады. Онда біздің елдің туристік жетістігі насихатталатын болады.
Алғаш рет қауіпсіздік мақсатында Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарында жанкүйерлердің паспортын рәсімдеу тәжірибесі енгізіледі. Онсыз жанкүйерлер Сочи қаласына кіре алмайтын болады. Осыған орай, ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті тағы Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарына барғысы келетін қазақстандықтарға паспорттарын рәсімдеп, «Complete Service» қазақстандық туристік компаниясы арқылы жарысқа билет алуды ұсынады.