Оған «Золотое перо Руси» беделді әдебиет сыйлығы берілді, енді ол РФ Жазушылар одағы мүшелерінің қатарына енді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
«Золотое перо Руси» президенті, құрылтайшысы және әділқазылар төрағасы Светлана Савицкая «Карина бұл сыйлыққа лайық, ол оқырмандарын өзінің туындыларымен қуанта береді деп сенемін», деп атап өтті. Савицкая Алматыда қазақстандық жазушыға таза алтыннан жасалған төсбелгіні тақты.
"Золотое перо Руси" сыйлығына конкурс жыл сайын әдебиет әлеміндегі жаңа есімдер мен дарындарды анықтау мақсатында өткізіледі. Оған әлемдегі 50 елден авторлар қатысады.
Сәрсенованың туындылары ресейлік кітап сөрелерінде өткен жылы пайда болды. Бірнеше туындыларын жариялауға оған ресейлік ірі баспа өкілі ұсыныс берген екен.