Жарияланды: 210

"Қазақстандық жекпе-жек майталманы төбелес шығарды": Ресейлік БАҚ Қазақстан туралы не жазуда?

"Қазақстандық жекпе-жек майталманы төбелес шығарды": Ресейлік БАҚ Қазақстан туралы не жазуда? Сурет - Yandex.ru

Caravan.kz медиа порталы ресейлік басылымдарға көз жүгіртіп, көршілес елдің БАҚ-ның не жазып жатқанына шолу жасап көрді.

Қазақстандық жекпе-жек майталманы төбелес шығарды

Сочи қаласында аралас жекпе-жектен Fight Nights Global 95 турнирі өтті.

Бұл туралы Rg.ru басылымы хабарлайды.

Басты жекпе жек ресейлік Әли Багаудинов пен қазақстандық Жалғас Жұмағұловтың арасында өтті.

Әли Бағаудинов - Аралас жекпе-жектің чемпионы, UFC-дің бұрынғы жауынгері.

Қазақ жауынгеріне қарсы шығу ресейлік жауынгерге қиынға соқты. Үш судьяның екеуі ресейліктің жеңілгенін мойындады. Багаудинов үшін бұл жеңіліс оның мансабындағы жетіншісі болды.

Жекпе-жек аяқталғаннан кейін, белгісіз себептен екі қарсылас төбелесті бастап кетті.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Ярослав Степанов (@1yaroslav.stepanov1) on

Ұлыбритания Қазақстанға инвестицияларды жылына 17%-ға арттырды

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Ұлыбританиядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны $ 336,5 млн құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,2% -ға көп, деп хабарлайды Eadaily.com

Жалпы, 2018 жылы тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 593,1 млн долларға жетті, бұл 2017 жылмен салыстырғанда (533,8 млн доллар) 11,1% артық. Соңғы 10 жыл ішінде Ұлыбританиядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың ағымы 8,8 млрд долларды құрады.

Айналымдағы негізгі үлесті қазақстандық тауарлар мен қызметтердің экспорты құрайды - 63% немесе 793,9 млн доллар, ал Ұлыбританиядан импорт 466,8 млн доллар немесе 37% жетті.

Ресей мен Қазақстан бірлесіп қоғамдық кеңістікті дамытатын болады

Ресей мен Қазақстан Дүниежүзілік қалалық саябақтар конгресінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, оның негізгі мақсаты қоғамдық кеңістікті қайта құру бойынша бірлескен тәжірибені дамыту болып табылады.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары кеңістікті ұйымдастыруға экологиялық тұрғыдан қарау, жас сәулетшілердің кәсіби қауымдастығын қалыптастыру, көгалдандыру жобаларына азаматтар мен бизнесті тарту болады. Сондай-ақ, жергілікті қауымдастықтар мен жергілікті өндірістерді дамытуға күш жұмсалатын болады. Сонымен қатар, елдер қоғамдық кеңістікті одан әрі қалай толтыруға болатындығын анықтайды.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін