Қазақстандық ЖОО-лар біртіндеп ағылшын тілінде оқытуға көшеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық ЖОО-лар біртіндеп ағылшын тілінде оқытуға көшеді

Қазақстандық ЖОО-лар біртіндеп ағылшын тілінде оқытуға көшеді

Қазақстандық ЖОО-лар ИИД ММ жекелеген мамандықтары бойынша біртіндеп ағылшын тілінде оқытуға көшеді.

  • 2 Шiлде 2015
  • 586
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Астанада алқаның селекторлық кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов хабарлады.

 «Министрлік үштілділік жобасын іске асыру жұмыстарын жүргізуде. Бұл қадамды іске асыру үшін ЖОО-ларда ИИД ММ жекелеген мамандықтары, сондай-ақ педагогикалық ЖОО-ларда жаратылыстану-математикалық циклдің жекелеген мамандықтары бойынша біртіндеп ағылшын тіліне көшуді жүзеге асыру жоспарлануда. Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс бойынша ағылшын тілінде оқыту үшін 1 800 магистрант, 900 бакалавр қабылдауды ұлғайту жоспарлануда», — деді А. Сәрінжіпов.

ҚР БҒМ басшысының айтуынша, тілдік дайындық деңгейін арттыру үшін ЖОО бөлімшелері ашылып, екі мыңдай мұғалімнің біліктілігі арттырылады.


«Жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша шетел оқулықтары әзірленіп, ағылшын тілінде білім беру бағдарламалары мен оқулықтар шығарылады. Барлық шараларды білім беруді дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған мембағдарламасының екінші кезеңінің аясында іске асыру жоспарлануда», — деп қосты ол.