Қазақстандықтар 6 миллиард теңгеге VIP-нөмір сатып алған - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар 6 миллиард теңгеге VIP-нөмір сатып алған

Қазақстандықтар 6 миллиард теңгеге VIP-нөмір сатып алған

Қазақстандық автокөлік иелері 2021 жылы әдемі VIP нөмірлерге шамамен 6 миллиард теңге жұмсаған.

  • 10 Ақпан 2022
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Сандар мен әріптердің комбинациясына байланысты VIP-нөмірлердің бағасы 174 591 теңгеден басталады, ең қымбаты 872 955 теңге.

"2021 жылы қазақстандықтар жалпы сомасы 5,8 млрд теңгеге жоғары сұранысқа ие немесе VIP деп аталатын нөмірлерді сатып алған", — делінген хабарламада.

2021 жылы VIP нөмірлерге ең көп қаражат жұмсаған алматылықтар — 2,2 миллиард теңге сомасына 6882 нөмір. Екінші орында Шымкент автокөлік иелері — 818 миллион теңге сомасына 3190 нөмір, ал үштіктің соңында Нұр-Сұлтан — 667 миллион теңгеге 2231 нөмір.

2021 жылы автокөлік иелері 2020 жылмен салыстырғанда әдемі нөмірлерді көбірек рәсімдей бастаған, ол кезде 3,9 миллиард теңгеге 12 616 нөмір алынған болатын.