Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері астаналарын байланыстыратын жаңа рейс 14 ақпанда ашылды.
Рейстерді аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма сайын Wizz Air Abu Dhabi әуе компаниясы орындайды. Жолаушыларды А-321 типті ұшақ тасымалдайды, деп мәлімдеді индустрия министрлігі азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуе компаниясы сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
Билет құны 20 еуродан (9 760 теңге) басталады.