Сәуір айынан бастап қазақстандықтар автомектептерде оқымай-ақ жүргізуші куәлігін ала алады, деп хабарлады Қазақстан ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғымбаев.
"Енді жол жүру ережесін үйде оқып алуға болады. Сізде интернет болса, тестіні оқып аласыз да, сосын барып теориядан емтихан өткізесіз, артынан практикалық емтиханға барасыз.
"А" және "В" санаттарына бұзылушықсыз өтсеңіз, автомектепте оқымастан жүргізуші куәлігін ала аласыз», деді ол сейсенбіде журналистерге Астанада.
Оның айтуынша, бұл норма биылғы сәуір айынан бастап енгізілетін болады.