«Қазақстандықтар елімізде өткен жылдарда жүргізіліп келген бағдар үшін, яғни, бейбітшілік, келісім мен Қазақстанның гүлденуі үшін дауыс берді», — деді президент сенбі күні парламент мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың аяқталуына орай өткізілген концертте сөйлеген сөзінде.
«Бүгінгі тарихи күні біз парламенто мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттарын жаңа Конституцияға сай сайлау арқылы конституциялық реформаларды жүзеге асыруға нүкте қойдық. Ал ертең, дауыс беру нәтижесін білгеннен кейін еліміз жаңаша саяси жүйеде өмір сүре бастайды», — деді ол.
Мемлекет басшысы сайлаушылардың сайлауда жоғары белсенділік танытқанын да атап өтті. «Сайлаушылардың 65% жуығының дауыс беруге қатысуы кейінгі жылдардағы ең таңдаулы көрсеткіш болмақ, бұл қазақстандықтардың селқостықтан ада екендігін, жауаптылығын және не үшін дауыс беріп жатқанын білетіндігін паш етті», — деді ол.
Н. Назарбаев әсіресе жастардың дауыс беруге белсене атсалысуына өз қуанышын білдірді. «Елімізде жүзеге асырылып жатқанның бәрі- конституциялық өзгерістер де, жаңа сайлау да бұның бәрі жастар үшін, біздің болашағымыз үшін жасалып жатыр», — деді президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті