Қазақстандықтар Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз бара алатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз бара алатын болды

Қазақстандықтар Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз бара алатын болды

23 мамырда Қазақстанның ішкі істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанада Біріккен Араб Әміроіктерінің сыртқы істер және халықаралық әріптестік министрлі, шейх Абдалла бен Заид Аль Нахаянмен келіссөздер жүргізді. Кездесудің барсты нәтижесі екі елдің азаматтарын 30 күн мерзімге визасыз кіргізуді қарастыратын құжатқа қол қою болды.

  • 24 Мамыр 2017
  • 489
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Таяу уақытта Қазақстан мен БАӘ осы келісім күшіне ену үшін мемлекетішкі процедураларды өткізеді. Тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестиция салаларындағы, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді негізгі қарым-қатынас туралы және сириялық дағдарыс туралы талқылады. 

"Бүгінгі кездесу Қазақстан-БАӘ қарым-қатынастарының өзекті мәселелерін екіжақты және көпжақты форматта талқылауға мүмкіндік берді. Тараптардың жаһандық және өңірлік халықаралық ұйымдарының тығыз байланысқа түсуге дайындығы атап өтілді", — деп мәлімдеді Әбдірахманов.


© ҚР СІМ баспасөз қызметі