Бұл туралы бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Найб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы мәлім етті.
«Алла Тағала Рамазан айы жөнінде қасиетті Құранда арнайы сүре түсірді. Ол сүреде Қадыр түні жайында айтты. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Біз қасиетті Құранды Қадыр түнінде түсірдік. Бұл түн мың айдан да қайырлы», дей отырып, Қадыр түнінің маңыздылығын бізге баян етті. Бұл түннің маңыздылығы соншалық, осы түннің құрметіне бүкіл періштелер жерге түсіп, Алланың әрбір пендесінің тілегіне «әмин» дейді екен. Таң атқанға дейін періштелер Алланың құлдарына тілекші болып тұрады. Биыл Қадыр түні шілде айының 13-інен 14-іне қараған түнге тұспа-тұс келеді. Алла бұйыртса, 13 шілдеден 14 шілдеге қараған түні Қадыр түнін қарсылап өткіземіз», — деді Наурызбай қажы Тағанұлы.