Жарияланды: 420

Қазақстандықтар SIM-картаға жазылған электрондық цифрлық қолтаңбаны тамыз айының соңында алады

Қазақстандықтар SIM-картаға жазылған электрондық цифрлық қолтаңбаны тамыз айының соңында алады

Мобильдік қолтаңбаның ресми іске қосылуы қарсаңында

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да оның алдын ала көрсетілімі мен тестілеуі өткізілді, деп хабарлайды egov.kz.

Іс-шара барысында журналистерге дәстүрлі тасымалдаушыдағы ЭЦҚ берілді. Журналистер оны өздерінің ұялы телефондарына көшіріп, электрондық үкіметтің мобильдік қосымшасының өтініміне қол қоя алды. Осылайша, олар eGov.kz мобильдік қосымшасын бағалады, сондай-ақ мобильдік қолтаңбаны пайдаланудан айырмашылығын сезіне білді.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Мобильдік үкімет» жобасының жетекшісі Гүлмира Исабекованың айтуынша, мобильдік қолтаңбаның артықшылығы - интернеті жоқ және қосымша орнатылмайтын ең қарапайым мобильді телефоннан кейбір мемлекеттік қызметтерді алуға болатындығында. 
«Қызметтерді алу үшін пайдаланушыға SMS жіберу және ЭЦҚ SIM-картасына жазылғанға қол қою жеткілікті. Жауап ретінде оған қызмет нәтижесі және анықтаманың бірегей кодымен хабарлама келеді. Анықтаманың өзі электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетке түседі. Мекенжай анықтамасын, жылжымайтын мүлік және сотты болмағандығы бойынша анықтаманы алу жөніндегі SMS-қызметтер «Ақпараттандыру туралы» заң қабылданғаннан кейін қолжетімді болады», - деп түсіндірді Исабекова.
Бүгінгі күні eGov.kz мобильдік қосымшасының қызметтерін электрондық үкімет порталындағы пайдаланылатын ЭЦҚ көмегімен алуға болады. Сонымен қатар бұл қызметті олар сатылымға түскеннен кейін мобильді ЭЦҚ көмегімен алуға мүмкін болады.
Жоба пилоттық тәртіпте «Алтел» ұялы байланыс операторымен іске қосылды. ХҚКО операторларынан немесе Астана, Алматы қаласы «Алтел» сатылым бөлімдерінен ағымдағы жылғы тамыз айының соңында тиісті SIM-картаны алу мүмкін болады. Еліміздің қалған өңірлерінде ЭЦҚ жазбасы мүмкіндігімен SIM-карталарды тарату қазан айына жоспарланған. Сонымен қатар жыл аяғында ЭЦҚ жазбасы мүмкіндігімен SIM-карталарды ұялы байланыстың қалған операторлары жүзеге асыратын болады.
Мобильдік қолтаңба мобильдік форматтағы мемлекеттік қызметтерді беруді ескеретін Қазақстанның «Мобильді үкіметі» жобасы аясында іске асырылғандығын атап өтеміз. Бүгінгі күні ҚР азаматтарына мобильдік форматта 50-ден аса қызмет және сервис қолжетімді, жүйеге 1 200 мың адам қосылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін