Қазақстандықтар Түркия халқына көмек ретінде 5 млн доллар жинады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар Түркия халқына көмек ретінде 5 млн доллар жинады

Қазақстандықтар Түркия халқына көмек ретінде 5 млн доллар жинады

Қазақстандықтар зілзаладан зардап шеккен Түркия халқына көмек көрсету үшін 5 млн доллар жинады.

  • 23 Ақпан 2023
  • 6
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы елшілікте өткен брифингіде Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екиджи айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Заттай көмектен бөлек, Қазақстан тұрғындары ақшалай көмек көрсетті. Осы уақытқа дейін жер сілкінісінен зардап шеккендерге арнайы ашылған ресми шотқа шамамен 5 млн доллар ақша түсті», — деді Уфук Екиджи.

Сонымен қоса, елші Қазақстан Үкіметі 1 млн доллар қаржылай қолдау көрсеткенін атап өтіп, барша қазақстандықтарға алғысын білдірді.

Еске салайық, 6 ақпанда Кахраманмарашта магнитудасы 7 балдан асатын екі
жер сілкінісі
болды. Жерасты дүмпулері елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.

Президент Режеп Тайып Ердоған табиғи апат құрбандарына байланысты Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады.

Соңғы жаңалықтар