Қазақстандықтар үшін несиелер арзандауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар үшін несиелер арзандауы мүмкін

Қазақстандықтар үшін несиелер арзандауы мүмкін

Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев ҚР парламенті мәжілісінің отырысында сөз сөйлеген кезінде, 2017 жылы базалық пайыздық мөлшерлеменің төмедеу мүмкіндігін жоққа шығармады. 

  • 15 Ақпан 2017
  • 831
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы sputniknews.kz хабарлайды.

"2016 жылы базалық мөлшерлеме 17 пайыздан 12 пайызға дейін төмендеген болатын. 2017 жылы базалық мөлшерлеменің бұдан әрі төмендеу ықтималдығы жоғары. Ұлттық банк жұмысының негізгі екпіні ақша нарығында нарықтық пайыздық мөлшерлемені қалыптастыруға бағытталады", — деп хабарлады Ақышев.  Бұдан бөлек ұлттық банк қызметінің маңызды бағыты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып қалады.  "2017 жылдың қорытындылары бойынша инфляция 6-8% дәлізіне оралды, өйткені жылдық көрсеткіште 7,9%-ды құрайды. Біздің болжам бойынша, 2017 жылы инфляция деңгейі есеңгіреулер болмаған жағдайда Үкімет пен Ұлттық банк белгілеген дәліздің ішінде болады", — деп атап өтті Ақышев.  Бұл ретте, оның сөзіне қарағанда Ұлттық банк инфляция мен макроэкономикалық тұрақтылық бойынша мақсаттар арасындағы тиімді теңгерім іздеу жолымен ұзақ мерзімді экономикалық өсімге жағдай жасайтын болады.
 

Соңғы жаңалықтар