Жарияланды: 640

Қазақстандықтар жаппай несиеге көлік ала бастады

Қазақстандықтар жаппай несиеге көлік ала бастады Сурет - kapital.kz

Қазақстандықтар автонесие алуды белсенді түрде жалғастыру үстінде. 2016 жылдың 1 тамызындағы көрсеткіш бойынша 3 857,8 мың бірлік жеңіл көлік тіркелген. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыға қарағанда 10 пайызға көп екен.

Бұл туралы Ranking.kz хабарлайды.

1 тамыздағы көрсеткіш бойынша осы жылы елімізде жеңіл автомобилдер паркі 6 134,0 мың көлікпен толыққан. Оның ішінде есептен шығарылғандар – 2 276,0 мың бірлік болса, тіркеуге алынғандар – 3 858,0 мың бірлік.

2016 жылдың қаңтар-шілде айларында 355,8 мың бірлік жаңа жеңіл көліктер тіркелген. Тек шілде айының өзінде тіркелген автокөліктер саны 2,2 пайыз болған.

Тіркелген автомобилдер саны бойынша бірінші орынды бірден үш өңір өзара бөлісекн: Оңтүстік Қазақстан облысы (473,5 мың бірлік), Алматы облысы (467,7 мың бірлік) және Алматы (464,6 мың бірлік).

Еліміз бойынша тамыз айының басында автомобилдер санының өсімі байқалған. Негізінен бұл ретте Оңтүстік Қазақстан облысы мен Алматы облыстары алда тұр. Орта есеппен бойынша елімізде қаладағы әрбір үйде 0,2 автокөліктен келеді екен. Жеке автокөлікке ие танымалдылығы бойынша мұнайлы, газды өңірлер Атырау облысы (0,67 көліктен әр үйге), Маңғыстау облысы (0,43 көлік) және БҚО (0,29 көлік) алда келеді.

2016 жылдың 1 тамызындағы қорытынды бойынша Қазақстанда орта есеппен әрбір 100 адамға 22 автокөліктен тиесілі екен. Мамандардың пікірінше, бұл көрсеткішке негізінен Астана қаласы сәйкес. Онда 100 адамға 28 автокөіктен. Алматыда 100 адамға 27 көліктен. Өңірлер бойынша Солтүстік Қазақстан облысы алда (100 адамға 26 авто).

Сондай-ақ, автокөліктерге сұраныс банк арқылы да өсіп жатыр. Олар адамдарға түрлі шартпен автонесиелер ұсынуда. Тек үшінші тоқсанның басында сегіз банк арқылы берілген автонесиелер 315,5 миллиард теңгені құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға артқан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін