Жарияланды: 540

Қазақстандықтардың 73% жуығы діни ұйымдарға бақылауды күшейту керек деп есептейді

Қазақстандықтардың 73% жуығы діни ұйымдарға бақылауды күшейту керек деп есептейді

Саяси зерттеулер институтының (СЗИ) маусым айының бірінші жартысында жүргізген зерттеуіне сәйкес, қазақстандықтардың 72,9% түрлі діни ұйымдарға бақылауды күшейту керек деп есептейді.

Сауалнамаға қатысқандардың үштен бір бөлігі (36,6%) бұл бастаманы радикалды және құрылымды бұзатын секталарға қатысты ғана қолдайды. Осыншама бөлігі (36,3%) елдегі жалпы қауіпсіздікті нығайту мақсатында барлық ұйымдарға бақылауды күшейту керек деген пікірде», – делінген сейсенбі күні таратылған ақпаратта. Зерттеуге сәйкес, бақылауды қатаңдатуға қарсылық білдірушілердің саны аз. «Сауалнамаға қатысқандардың 14,8% ғана бұл азаматтардың діни наным-сенім бостандығын бұзады деп есептейді. Бұл тұрғыда Астана тұрғындарының 25,6% діни наным-сенім бостандығы құқығын қорғап шықты», – делінген ақпаратта. Қоғамдық сауалнамаға Астана, Алматы және 14 облыс орталығының 2302 тұрғыны қатысты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін