«Қазақстандықтардың білімін арттыру – әл-ауқаттың өсуіне жол» атты әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстандықтардың білімін арттыру – әл-ауқаттың өсуіне жол» атты әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауы басталды

«Қазақстандықтардың білімін арттыру – әл-ауқаттың өсуіне жол» атты әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауы басталды

«Қазақстандықтардың білімін арттыру – әл-ауқаттың өсуіне жол» атты 2024 жылғы XX республикалық Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі аясында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры өткізетін әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауы басталды.

  • 14 Наурыз
  • 5
Фото - Caravan.kz

Байқаудың мақсаты халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын, қаржылық, құқықтық, мәдени, кәсіби сауатын арттыру сияқты әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуді ұсынатын үздік идеялар мен жобаларды анықтау және насихаттау.

Дәл осы сауаттылық адамның дамуына жол ашып, елдің экономикалық және саяси өміріне араласуға мүмкіндік береді. Білімді халық сындарлы шешімдер қабылдауға, билік органдарымен тығыз қарым-қатынас жасауға және жоғары азаматтық жауапкершілікті қалыптастыра алады.

Халықтың білім беру құзыретін арттыру сауатты дамытуда және теңсіздікті төмендетуде маңызды рөл атқарады. Сауаттылық елдің даму деңгейінің негізгі көрсеткіштерінің бірі және экономикалық жағдайды жақсарту, кедейлік деңгейін төмендету, демократия мен азаматтық қоғамды нығайту, қоғамның әлеуметтік дамуы сынды қоғамдағы түрлі саланың өркендеуіне ықпал етеді.

Үш номинация бойынша өтетін байқауға қатысу үшін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін шақырамыз:

• «Қаржылық сауат ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шарты ретінде».

• «Азаматтарды жұмыспен қамтудың өсуінің маңызды факторы ретінде жаңа технологияларды игеру және тәжірибелік дағдыларды дамыту».

• «Жеке өсу үшін білім беру құзыреттілігі».

Байқауды өткізу мерзімі:

• I кезең (2024 жылғы 29 ақпаннан 15 сәуірге дейін) – белгіленген талаптарға сәйкес келетін өтінімді, құжатты қабылдау, бастапқы іріктеу.

• II кезең (22-30 сәуір аралығында 2024 ж.) – жобаларды бағалау, Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне қатысушыларды іріктеу (ТОР-50 жоба).

• III кезең (13 — 14 мамыр 2024 ж.) – ТОР-50 жобаны Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде онлайн қорғау. Жеңімпаздарды анықтау.

Өтінімнің толық шарты, ережесі және үлгісі біздің fnn.kz сайтының «Жобалар мен байқаулар» бөлімінде.

Соңғы жаңалықтар