Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 70 жастан асты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 70 жастан асты

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 70 жастан асты

Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 70,3 жасқа жетті, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова.

  • 29 Қаңтар 2014
  • 641
Фото - Caravan.kz

"Денсаулық сақтау саласында қабылданып отырған басымдық шараларды ескере отырып, 2013 жылдың нәтижелері бойынша бұл көрсеткіш 70,3 құрады. Бұл статистика жөніндегі ұлттық агенттіктің шұғыл мәліметтері", деді ол сәрсенбіде Астанада Қазақстан президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 2012 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 0,69 жылға артқан. "Бұл жаман қарқын емес, біз бұл көрсеткішті Еуроодақ елдерімен теңестірдік", деді министр.

С.Қайырбекова еске салып өткендей, мемлекеттік "Саламатты Қазақстан" бағдарламасында 2015 жылға қарай мақсатты көрсеткішті 70 жасқа, 2020 жылға қарай — 72 жасқа жеткізу көзделген.