Қазақстандықтардың қай елдерге ұша алатыны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтардың қай елдерге ұша алатыны белгілі болды

Қазақстандықтардың қай елдерге ұша алатыны белгілі болды

Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның 21 қыркүйектен бастап әлемнің 16 еліне рейстер санын ұлғайтуға, жаңдандыруға және ашуға шешім қабылдағанын хабарлады. Қазір әуе компаниялары ұшу кестесін құрып жатыр. Рейстерді орындау осы елдердің тиісті уәкілетті органдарымен келісіледі.

  • 22 Қыркүйек 2021
  • 251
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Рейстер саны мына елдерге ұлғайтылды:

  • Ресей – аптасына 54 рейске;
  • Түркия – 7 рейске;
  • БАӘ – 9 рейске;
  • Өзбекстан – 5 рейске;
  • Германия – 5 рейске;
  • Мальдив – 3 рейске;
  • Корея – 6 рейске;
  • Польша – 2 рейске;
  • Венгрия – 1 рейске;
  • Сауд Арабиясы — 1 рейске.

Сондай-ақ Чехия (аптасына 2 рет), Қытай (аптасына 8 рейс), Әзірбайжан (аптасына 3 рейс) елдерімен арадағы тұрақты рейстер жанданады.

Бұдан бөлек, Италиямен аптасына 2 рет, Шри-Ланкамен аптасына 3 рет, Кувейтпен аптасына 3 рет тұрақты рейстер ашылады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып,  әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Соңғы жаңалықтар