Қазақстанға Еуропалық Одақ үштігінің делегациясы келді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға Еуропалық Одақ  үштігінің делегациясы келді

Қазақстанға Еуропалық Одақ үштігінің делегациясы келді

Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанаға 19 қарашада Еуропалық Одақ үштігінің делегациясы келді. Бұл туралы бүгін ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев дәстүрлі апталық брифингте құлағдар етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

  • 19 Қараша 2007
  • 492
Фото - Caravan.kz

Е.Ашықбаевтың хабарлауынша, атап айтсақ, Ресейдегі Португалия елшісі Мануэль Курту, ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Пьер Морель, ҚР-дағы Еуропа Комиссиясы өкілдігінің басшысы Адриан Ван дер Меер басқарған Еуропалық Одақ үштігінің өкілдері, сондай-ақ, Қазақстандағы Француз Республикасының елшісі Ален Куанон, Ресей Федерациясындағы Словения елшісі Дарья Бавдаж Курет және басқа да ресми тұлғалардың жоғарғы деңгейдегі делегациясы Астанаға келді.

«Кездесу барысынында ҚР мен ЕО арасындағы екі жақты қарым-қатынастар және ЕО-ның Орталық Азия бойынша Стратегиясының көп жақты ынтымақтастығының шеңберінде қауіпсіздік, заманауи қыр көрсету және конфессияаралық диалог мәселелері талқыланады деп жоспарланған»,- деді СІМ өкілі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті