Қазақстанға индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін жоғары білікті инженерлік кадрлар қажет - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін жоғары білікті инженерлік кадрлар қажет - Назарбаев

Қазақстанға индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін жоғары білікті инженерлік кадрлар қажет - Назарбаев

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры Жексенбек Әділовты қабылдады.

  • 27 Ақпан 2015
  • 422
Фото - Caravan.kz


Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, оқу орны алдында зерттеу техникалық университеті болып құрылатынына байланысты маңызды міндеттер тұр, делінген мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламада.
Президент елді индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру үрдісінде жоғары білікті инженерлік кадрларға деген қажеттілік артатынын атап көрсетті.
«Индустрияландыру жылдарында салынған 700-ден астам нысан, сондай-ақ биыл іске қосылғалы отырған шамамен 70-тен астам кәсіпорын даярлығы жақсы кадрларды қажет етеді. Бұл үшін соңғы уақытта жоғары оқу орындарын өзгерту және дамуға ерекше көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, қаржыландыруды арттыру, ғылыми-зерттеу институттарын университеттердің жетекшілігіне беру студенттердің оқу үрдісі кезінде ғылыммен айналысуына жағдай жасауына бағытталған. Өкінішке орай, бүгінгі таңда көптеген түлектер, тіпті ғылыми дәреже алатындардың өзі ғылымға талпынбайды», —  дейді Н.Назарбаев.
Ж.Әділов Алматыда ресурс үнемдеу саласында инновациялық кластер құру барысы туралы баяндады. Ол техника, технология, геологиялық және таукен-металлургиялық салалардағы инновациялық жобалар туралы мәлімдеді.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы инженерлік білім беруді дамыту саласында бірқатар тапсырмалар берді.