Қазақстанға келген ХКБ Бас хатшысы ЕХРО-2017 көрмесіне дайындық жұмыстарымен танысады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға келген ХКБ Бас хатшысы ЕХРО-2017 көрмесіне дайындық жұмыстарымен танысады

Қазақстанға келген ХКБ Бас хатшысы ЕХРО-2017 көрмесіне дайындық жұмыстарымен танысады

Бүгін елімізге Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес жұмыс барысымен келді. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.

  • 11 Наурыз 2014
  • 267
Фото - Caravan.kz

"Сапар барысында В. Лоссерталес мырза Астанада өтетін ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жұмыстарының барысымен танысады, — деп атап өтті ол.

Ресми өкілдің айтуынша, сонымен қатар ХКБ бас хатшысы Астанада бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.

"Ал осы аптаның жұмасында В. Лоссерталес Орталық коммуникациялар қызметінде өтетін брифингке қатысып, Астанада өтетін ЕХРО-2017 көрмесі туралы ойларымен бөліседі", — деді А.Әбибуллаев.