Қазақстанға Ресейден тасымалданатын көлік азайып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға Ресейден тасымалданатын көлік азайып жатыр

Қазақстанға Ресейден тасымалданатын көлік азайып жатыр

Қазақстанға Ресейден экспортталатын жеңіл көлік саны азайып, Өзбекстаннан жеткізілетін көлік саны артып жатыр деп хабарлады бүгін ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметтеріне сілтеме жасаған finprom.kz іскерлік сараптама сайты. Былтырғы жылдың қаңтар-наурыз айларында Ресейден 4131 көлік импортталса, биылғы жылдың алғашқы үш айында 3126 көлік жеткізілген. Ал Өзбекстаннан импортталатын көлік 11,5 пайызға артқан.

  • 29 Мамыр 2017
  • 301
Фото - Caravan.kz

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанға шетелдерден 4,7 мың көлік жеткізілген. Бұл сан — 2016 жылдың алғашқы үш айымен салыстырғанда 11 пайызға аз. Ал 2014 жылдың алғашқы үш айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 7 есеге төмен. 2014 жылы қаңтар-наурыз айларында Қазақстанға сырттан 32,4 мың көлік кіргізілген.

Ресми мәлімет бойынша, биыл Қазақстан импорттаған жеңіл көліктердің 3126-сы (66 пайыз) Ресейден, 546-сы Жапониядан, 480-і Өзбекстаннан, 213-і Түркиядан, 196-сы АҚШ-тан жеткізілген.


Соңғы бір жылда Қазақстанға Ресейден жеткізілген көлік 24 пайызға азайған, ал ресейлік көліктердің бағасы 35 пайызға қымбаттаған.

Соңғы жаңалықтар