Қазақстаннан Меккеге тікелей рейс ашылады - ҚМДБ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстаннан Меккеге тікелей рейс ашылады - ҚМДБ

Қазақстаннан Меккеге тікелей рейс ашылады - ҚМДБ

Наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен жиналыста отандастырымыз үшін қасиетті Меккеге тікелей рейс ашу туралы мәселе көтерілді,

  • 15 Шiлде 2015
  • 282
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметінен.

Басқосуға қатысқан әуе компаниялары өкілдері бұл ұсынысты орындауға мүмкіндік мол екенін мәлім етті. Бүгінде еліміздің Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан Меккеге таяу орналасқан Жидда шаһарына дейін тікелей рейс ашу мүмкіндігі қарастырылуда.

Айта кетейік, бұған дейін қажылық парызын өтеуші жерлестеріміз Жидда қаласына Түркия, Әбу Даби арқылы жететін. Сонымен қатар әуежайда бірнеше сағат бойы келесі рейсті күтетін.


«Бұл бастама қажыларымызға қызмет көрсету сапасын арттыру жұмыстарына ықпал етеді. Біріншіден, уақыт үнемделеді, екіншіден, қажылар үшін бұл бастама қолайлы жағдай туғызады», — деді ҚМДБ қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз.

Айта кетейік, биыл Қазақстанға Сауд Арабия Корольдігінің Қажылық министрлігі 5000 орын (квота) бөлді.