Қазақстаннан шыққан автобус Ресейде апатқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстаннан шыққан автобус Ресейде апатқа ұшырады

Қазақстаннан шыққан автобус Ресейде апатқа ұшырады

Қазақстаннан шыққан автобус Ресейде жол апатына ұшырады, бір адам қаза тапты,

  • 28 Қараша 2013
  • 430
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Ura.ru Челябі облысы бойынша ІІМ ММ мәліметтеріне сілтеме жасай отырып.

Жол апаты 28 қараша күні түнде Челябі-Троицк жолының бойында Южноуральск қаласына жақын маңда орын алды. Қазақстаннан шыққан 18 жолаушысы бар автобус Екатеринбордан Рудныйға бара жатқан. Ол өзімен бағыттас жолдағы бағдаршамның қызыл түсінде тоқтап тұрған ВАЗ-2111 «Богдан» автокөлігімен соғылған. Салдарынан «Богдан» жолдың қарсы бетіне сырғып, автобус одан кейін МAN жүк көлігіне соғылған. Апаттың салдарынан автобус жүргізушісі мерт болды. Оның қасында отырған екінші жүргізуші иығы мен кеуде тұсын жарақаттады. ВАЗ көлігінде екі адам зардап шекті. Барлық жапа шеккендер Южноуральскінің ауруханасына жеткізілді.

Қазақстаннан шыққан автобустың жолаушылары жол апаты болған жерден 300 метр жердегі Южноуральскінің вокзалына жаяу жүріп жеткен. Шамамен бір сағаттан кейін олар Екатеринбордан Қостанайға баратын автобусқа отырғызылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, апаттың орын алуына автобус жүргізушісінің қалғып кетуі себеп болған көрінеді.