Қазақстанның 10 мың гектар жері Иранға берілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның 10 мың гектар жері Иранға берілмек

Қазақстанның 10 мың гектар жері Иранға берілмек

Иран елінің солтүстік-батысында үнемі құрғақшылық болады. Сондықтан Иран елі ауылшаруашылық дақылдарын өндіру мақсатында Қазақстан жерін жалға алуды жоспарлап отыр – деп хабарлайды “АГРОбизнес”  порталы.

Агро-аутсорсинг – бұл ауылшаруашылық өнімдерін өсіру үшін өзге елдің жерін сатып алу, жалға ?

  • 20 Маусым 2017
  • 284
Фото - Caravan.kz

Агро-аутсорсинг – бұл ауылшаруашылық өнімдерін өсіру үшін өзге елдің жерін сатып алу, жалға алу не лизинг алу деген мағынаны білдіреді. Өнім жиналып алған соң Иранға жіберіледі.

“Шекара сыртындағы фермерлік” бағдарламасы аясында Қазақстан мен Иран жерді жалға беру келісіміне былтырғы жылдың маусым айында қол қойған. Басты мақсат – ауылшаруашылық өнімдерін көбейту және Оңтүстік Америка, т.б. елдерден бидай сатып алуды азайту. Иран елі көптеген елде 1 млн гектарға дейін жерді жалға алған.


Иран биыл ауылшаруашылық саласында бидай мен арпа өнімін мол жинағанымен билік өкілдері елдегі суды үнемдеуді көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар