Жарияланды: 480

Қазақстанның алтынвалюта қоры маусымда 6,7 процентке артып, 7181,9 млн. долларға жетті

Қазақстанның алтынвалюта қоры маусымда 6,7 процентке артып, 7181,9 млн. долларға жетті. Соның ішінде Ұлттық қорда жинақталған қаржы 2687,8 млн. доларды құрады. Жыл басынан бергі өсім 42 процент. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінен хабарлады.

Ал Ұлттық банктің таза алтынвалюта қоры маусым айында 0,9 процентке немесе 38,8 млн. долларға артып, 4489,9 млн. долларды құрады. (Жыл басынан бергі өсім 43 процент). Ұлттық банк өкілдерінің атап көрсеткеніндей, Ұлттық қор активтерін толықтыру және ҚР Қаржы министрлігінің сыртқы берешектерін өтеу мақсатымен Ұлттық банкке валюта сату операциясы ішкі валюта рыногіндегі операциялардың көмегімен бейтараптандырылды. Соның нәтижесінде ҚР Ұлттық банкінің таза валюталық қоры бір айдың ішінде 128,3 млн доларға кеміді. Ал ішкі және сыртқы рыноктағы операциялар нәтижесінде Ұлттық банктің алтын түріндегі активі 167,1 млн. долларға артып, 789,8 млн. долларға жетті. 2003-жылдың маусымында Ұлттық банктің таза халықаралық резевтері көлемінің ұлғаюы арқасында банктің ақшалай базасының көлемі 16,1 процентке артып, 254,1 млрд. теңгеге жетті. (Жыл басынан бергі өсім 22 процентті құрады).

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть